2026 жылдың 18 ақпан күні «Бірінші гимназия» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Оқу сауаттылығы – тиімді оқытудың жүйесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
2026 жылдың 18 ақпан күні «Бірінші гимназия» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Оқу сауаттылығы – тиімді оқытудың жүйесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің оқу сауаттылығын дамытуға арналған заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерту және мәтінмен жұмыстың тиімді жүйесі арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Семинар барысында қатысушылар оқу сауаттылығын арттырудың практикалық жолдарымен танысып, мәтінді талдау, интерпретациялау және сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістерді тәжірибе жүзінде қолданды.

Сонымен қатар облыстық «Тіл мұрасы» және «Город-селу» жобаларын іске асыру жолдары, олардың білім сапасын арттырудағы рөлі талқыланды. Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті бағыттардың бірі – жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу процесінде тиімді пайдалану мәселесі де кеңінен қарастырылды.

Семинарға облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

Аталған семинар білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии