Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

"Ару қыздар" байқауы

Жамбыл орта мектебінде наурыздың 3-і күні сағат 16:00 - де, 5-6 сыныптар арасында "Ару қыздар" байқауы өтті. Өткізген: Тәрбие ісінің меңгерушісі Т.Б. Жакина. Мақсаты: қыздарымызды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік, тағы басқа негізінде тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Байқаудың 1-ші кезеңі "Мен қазақтың қызымын", 2-ші кезеңі "Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді", 3-ші кезеңі "Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі туралы білімім", 4-ші кезеңі "Зерделінің  ойы озық", 5-ші кезең "Мен білемін". Оқушыларымыз екі топқа бөлініп байқаудың әр кезеңіне белсене қатысты. Қыз баланың, әйелдердің киімдеріне байланысты білімдерін кеңейте түсті. Қыз баланың, ұлдардың тәрбиесіне қазақ халқы көп көңіл бөлетінін түсінді. Байқаудың тәрбиелік маңызы зор болды. Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай етіп тәрбиелеу,қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадаы адамдармен қарым-қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген. 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь