Алғашқы қоңырау
1 қыркүйек күні безендірілген спортзалда салтанатты жиылыс өткізілді. Салтанатты жиылысқа Уәлиханов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Гүлайым Жолдыбайқызы, зейнеткер ұстаз Старкова Т.Н., ауыл тұрғындары, ұстаздар мен оқушылар қатысты. . ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен енгізілді. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған 1 сынып бүлдіршіндері шақырылды. Алғашқы сөз мектеп директоры Амангельдиева С.С беріліп, оқушылар мен ата-аналарды құттықтап,алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге елбасының «Қазақстан –менің Отаным» атты кітабын табыс етті. Келесі құттықтау сөз Гүлайым Жолдыбайқызына беріліп,барша қауымды тәуелсіздігіміздің 25-жылдығымен құттықтап, баяндама оқыды. «Қазақстан – менің болашағым» атты әдеби-монтаж қойылып, «Қазақстан – елім менің» әні шырқалды. Келесі сөз 1 сынып бүлдіршіндеріне беріліп, тақпақ, өлеңдерін айтып,би биледі. Құттықтау сөз ата-аналарға берілді.
11 сынып оқушылары 1 сынып бүлдіршіндеріне арнап аманат оқып, сыйлық тапсырды. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы Вибе Глеб пен 1 сынып оқушысы Тұрарбай Дианаға берілді. Ду қол шапалақпен 1 сынып бүлдіршіндерін 11сынып түлектері ең алғашқы тәрбие сағатына шығарып салды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии