Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Ата-аналар жиналысы

Жиналысты тарих пәнінің мұғалімі Қажымұратов Аян Бағдатұлы «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл» атты баяндамасын оқумен бастады.
Келесі болып оқу ісінің орынбасары Конысбаева Айнагуль Серикбаевна сөз алды.Ол былтырғы оқу жылындағы оқушылардың жетістіктерін айтты.Аудандық облыстық олимпиада,байқауларға қатысқан оқушылардың жүлделі орындарға ие болғандарын атап өтті.Сонымен қатар биылғы 2016-2017 оқу жылының І-тоқсандағы оқу үлгерімінің қорытындысына және жетістіктерге тоқтады.І-тоқсан бойынша мектеп бойынша білім сапасы 50%,үлгерімі 100%,үздік оқушылар саны 13,екпінділер саны 21 оқушы.

11 сынып бойынша үлгерім сапасы мүлдем жоқ,осы сынып оқушылары үлгерім сапасын көтеру керектігін ескертті.

І-тоқсан бойынша және осы уақытқа дейін мектеп оқушылары аудандық,облыстық байқауларға қатысып,жүлделі орын алды.Мысалы Благовещенка селосында өткен шахмат ойынынан ІІ орын 9-сынып оқушысы Қабиден Нұрсұлтан иеленді.

«Сайра домбыра» байқауында аудан бойынша ІІ орынды Құрмаш Дариға иеленді,енді облыстық байқау екінші желтоқсан күні өтеді.Соған Құрмаш Дариға қатысады.

8-сынып оқушысы Сапарғали Сандуғаштың Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған шығармасы облыс көлемінде І орынға иеленіп республикалық байқауға жіберілді.

Пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді,соның ішінде аудандық олимпиадаға баратын оқушылар:

1.Айтбай Жалғас 9 с. – физика пәнінен;

2.Құрмаш Дариға 9с. – математика пәнінен;

3.Қазиқан Алтынай 10с. – Қазақстан тарихы пәнінен;

4.Пшенбай Жанна 10с. – биология пәнінен;

5.Пшенбай Мадина 10с. – қазақ тілі пәнінен.

Оқушылармен қатар мектептен мұғалімдер де сайыстарға,байқауларға қатысады.

«Жүзден жүйрік» облыстық мұғалімдер сайысына қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шакабаева А.С. қатысып,сертификатқа ие болды.
Жиналыстың соңында мектеп директоры Сұрағанов Асқар Құрманғалиұлы сөз алып, Kundelik.kz сайты ашылғанын айтып және ол туралы мәлімет берді.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь