Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Викторина: Қазақстан –менің Отаным!

8 желтоқсан күні мектебімізде 1-4 «А» сыныптары  үшін

 «Қазақстан –менің Отаным!» атты    викторина өткізілді

     Мақсаты: Оқушылар бойында өз Отанына, еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту, ел бірлігін түсінетін, ел игілігіне қызмет ететін елжанды ұрпақ тәрбиелеу.Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру.

                                                                

      Тарих сырт көзге оп-оңай сияқты көрінгенімен,терең қатпарлы,күрделі ғылым. Содан болар,тарихтың айналасында  айтыс-тартыс, пікірталас үнемі болып тұрады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері,тарихымыздың көлеңкелі беттері ашылып, өз тарихымыздағы шыңдықтарға көзіміз жетіп отыр. «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ- БІЛІМДІ ҰРПАҚ» дейтін болсақ, солардың бірі өздеріңсіңдер, дей келе  Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан-менің Отаным!» атты викторинаны  бастадым.

Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн,

Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің.

Тәуелсіздік мерекең құтты болсын,

Қазақстан Республикам менің!- деп барша жиналған жұртты құттықтап алдым.

   -Жері-кең, халқы-бейбіт, байлығы-ұшан, табиғаты-әсем, Әнұраны айбатты, Елтаңбасы-еңселі,Туы-тұғырлы,ұрпағы-жігерлі.Өзін әлем таныған қай ел?- деген сұраққа  викторинаға қатысушы бастауыш сынып оқушылары толық ҚАЗАҚСТАН!- деп жауап берді.

   Викторина барысында 3 турдан тұратын қызықты тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының білімдерінің  терең екеніне  көзімізді жеткізді. Топтарға бөлініп әр сынып өздерінің білімдерімен, шығармашылық қабілеттерімен  танылды. Өз ойларын, пікірлерін ортаға  қысылмай ашық жариялай білді. Тапсырмаларға жан-жақты толық жауаптар берілді. Неше түрлі стратегиялар қолдану арқылы топта жұмыс істеу, постер құру, класстер құру, кері байланыс жасау сияқты дағдыларын  меңгергендерін көрсете білді.

    Қорытынды бөлімінде әр сыныптың викторинаға қатысушы мүшесі  «Аяқталмаған сөйлемдер» атты кері байланыста  тілдерінің  дамығанын, ой-өрістерінің  жан- жақтылығын көрсетті.

          Жаңа ғасыр төрінде

Жаңа қазақ жерінде           

  Жаңа Қазақстаным

  Өркендеп өсіп-өнуде

      30 елдің қатарына

       Қосылам деп құлаштаған

    Қанатымен бар әлемнің

Биігінен ұш аспанның

        Бәсекеге қабілетті

    Жастар өсті білімді

  Келешегі Отанының

Мықтап ұстар сенімді,- екендерін көрсетіп   оқушыларымыз бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтты.

 

                                             Бастауыш сынып мұғалімі:  Базарбаева А.Ғ
1


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь