Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Ардагерлерге – жүрек жылуы

          Қоғамның зерделілігі ардагерлерге қатыстылығымен де айқындалады. Қазақ халқының атадан балаға беріліп келе жатқан игі дәстүрі – үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу. Осы дәстүр жыл сайын 1 қазанда  «Халықаралық қарттар мен мүгедектер күні» атауымен аталып өтуде. Мерекеге орай, елімізде қарттарды қолдаудың айлығы өткізіліп келеді.
          Бұл акция осыдан бірнеше жыл бұрын ардагерлер ұйымының бастамасымен шыққан еді, содан бері ол дамып, қоғамымызда жаппай қолдауға ие болуда. Қарттарға қайырымдылық көмек берушілердің саны жылдан-жылға көбейіп, әлеуметтік көмек алушылар саны да арта түсуде. Осының өзі қоғамымызда қарттарға деген қамқорлықтың, оларға деген жанашырлықтың арта түскенін айғақтайды. Акция аясында Жамбыл орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары да ауылымыздағы қарттарымызға көмек көрсетіп отырады. 
        Мерекеге орай біздің округ әкімшілігінің көмегімен есептегі барлық мүгедектер мен  зейнеткерлерге арнап мектепте іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды.
 
                                                                                     Жамбыл орта мектебінің тәлімгері   С.Н. Адраков


   

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь