Оқитын отбасы – оқитын ұлт
2026 жылдың 16 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Оқитын мектеп» жобасы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Оқитын отбасы – оқитын ұлт» отбасылық әдеби онлайн-челленджі өтті.
Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен, әжелерімен, аталарымен, аға-апаларымен және іні-сіңлілерімен бірге бірлесіп кітап оқудың жылы да қуанышты сәттерімен бөлісті.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері, шынайылықтары мен әдебиетке деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс айтамыз! Сондай-ақ отбасылық кітап оқу дәстүрінің әлі де тиімді сақталып, ұрпақтарды бірлігін арттыратынын дәлелдедіңіздер.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер