Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Мектеп кітапханасы кішкентай қонақтарға есігін айқара ашты

2026 жылдың 16 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханасы ең кішкентай қонақтар — «Ақ бота» балабақшасының ересектер тобының тәрбиеленушілері үшін өз есігін айқара ашты! Мектепке дейінгі балалар үшін бұл оқиға ертегі әлеміне жасалған нағыз саяхатқа айналды. Балалар кітаптар мен сүйікті ертегілерін үлкен қызығушылықпен қарап, кітапты қалай күтіп ұстау керектігін және нағыз оқырман болу нені білдіретінін білді. Кездесу тек танымдық қана емес, сонымен бірге көңілді өтуі үшін балаларға арналған қызықты интерактивті ойындар ұйымдастырылды:
«Кітапта кім тығылды?» ойыны — бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерін зор ынтамен тапты.
«Жұбын тап» ойыны — балалар кейіпкерлерге өзінің достарын және ертегідегі заттарын табуға көмектесті.
Көңілді сергіту сәті — барлығына сергіп, серпіліп алуға көмектесті!
Кездесу өте жылы әрі достық атмосферада өтті. Бұл сапар кішкентайлардың кітапқа деген сүйіспеншілігінің алғашқы қадамы болады және оларды оқырмандарымыздың арасынан тағы да талай көреміз деп үміттенеміз!
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь