Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Мектепке дейінгі білім беру сапасы балаға қамқорлық жасаудан, оның денсаулығы мен жан-жақты дамуын қамтамасыз етуден басталады».

«Мектепке дейінгі білім беру сапасы балаға қамқорлық жасаудан, оның денсаулығы мен жан-жақты дамуын қамтамасыз етуден басталады».
Әдістемелік орталық мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында денсаулық сақтау, ойын, жобалау және этномәдени технологияларды енгізуге арналған облыстық әдістемелік күн өткізді.
Есіл ауданының «Мошақ» бөбекжай-бақшасы мен Қызылжар ауданының «Мирас» бөбекжай-бақшасының педагогтері балалардың денсаулығын нығайтуға, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған тиімді жұмыс тәжірибелерін ұсынды.
Іс-шара барысында «Тілге бойлау», «Тіл Мұрасы», «Адал азамат» бағдарламалары мен «Ерте жастан еңбекке, кәсіпке баулу» жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Әдістемелік күн кәсіби диалог құруға, тәжірибе алмасуға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың заманауи тәсілдерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Ортақ мақсатымыз – әр баланың денсаулығын нығайту, қабілетін дамыту және ұлттық құндылықтар негізінде сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь