Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Психикалық денсаулық — ұлттың әл-ауқаты

«Психикалық денсаулық — ұлттың әл-ауқаты» онкүндігі аясында «Жағдайларға қарамастан мықты бол: ресурстар, тірек, алға ұмтылыс» жалпы тақырыбы бойынша мектептің педагог-психологтары Есимова Б.К. Шакеева Д.М. оқушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға және өзінің эмоционалдық жағдайына саналы түрде қарауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.
«Менің ішкі аккумуляторым» атты іс-шара барысында оқушылар «Мені не әлсіретеді?», «Мені не қуаттандырады?» атты жаттығуларды орындады. Жаттығулар барысында оқушылар өздерінің эмоционалдық және психологиялық ресурстарын төмендететін факторларды анықтап, сондай-ақ қолдау көрсететін, жағымды эмоциялар мен ішкі күш-қуат беретін ресурстарды анықтады.
Сонымен қатар «Тоқта. Үзіліс. Таңдау» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара оқушылардың эмоционалдық өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға, қиын жағдайда тоқтай білуге, өз жағдайын түсінуге және әрі қарайғы әрекеттерін саналы түрде таңдауға бағытталды.
Аталған іс-шара аясында оқушыларға «Күй жағдайының бағдаршамы» жаттығуы ұсынылды. Жаттығу арқылы оқушылар өздерінің эмоционалдық жағдайын тануға, қажет болған жағдайда тоқтауға, үзіліс жасауға, сабырға келуге және қолдау сұрауға үйренді.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың өзін-өзі қолдау, эмоционалдық саналы болу, күйзеліске төзімділік және қиын жағдайларды жеңу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь