Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

ҰБТ–2027: МАҚСАТҚА БАСТАР ЖОЛ — САНАЛЫ ТАҢДАУ!

ҰБТ–2027: МАҚСАТҚА БАСТАР ЖОЛ — САНАЛЫ ТАҢДАУ!
2026 жылғы 13 қазанда мектебімізде 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған Бірыңғай ұлттық тестілеуге (ҰБТ) дайындық мәселелері бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста мектеп директоры Абуова М.К. және кәсіптік бағдар беруші педагог Нургалиев М.А. сөз сөйлеп, түлектерді ҰБТ-ға дайындау, болашақ мамандықты дұрыс таңдау және жоғары оқу орындарына түсуге бағыт-бағдар беру мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында сынақ тестілеулерінен өту мүмкіндіктері, пән мұғалімдерінен қосымша кеңес алу жолдары, сондай-ақ болашақ мамандыққа сәйкес бейіндік пәндер комбинациясын таңдау ерекшеліктері талқыланды.
Сонымен қатар оқушылардың білім беру бағытын саналы түрде таңдауы, ҰБТ-ға уақтылы әрі жүйелі дайындалуы және болашақ кәсіби жолын айқындауының маңыздылығы атап өтілді.
Мұндай кездесулер мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, түлектердің жоғары оқу орындарына түсуіне қажетті жағдай жасауға ықпал етеді.
Түлектерімізге сенімділік, табандылық және ҰБТ–2027 сынағында жоғары нәтижелер тілейміз!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь