Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Оқитын ұлт»

«Оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру аясында «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» КММ-де облыстық кітапхана өкілдері оқушылар мен педагогтер арасында Республикалық оқу марафонын өткізуге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Кездесудің басты мақсаты — лицеистердің назарын кітап оқуға аудару, көркем әдебиетті насихаттау, оқу сауаттылығын арттыру және кітапқа деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.

Кездесу барысында оқушыларға марафонның мақсаттары мен міндеттері, оны өткізу тәртібі және қатысу мүмкіндіктері туралы айтылды. Тұрақты кітап оқу ой-өрісті кеңейтуге, сауатты сөйлеуді, ойлау қабілетін, есте сақтауды, қиялды және шығармашылық қабілеттерді дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.

Қазіргі оқушы өміріндегі кітаптың маңызына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға кітап оқу тек жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар ақпаратты талдауға, өз пікірін білдіруге, әдеби шығармалар кейіпкерлерінің іс-әрекеттері мен сезімдерін түсінуге де үйрететіні еске салынды.

 




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь