Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«АДАЛ АЗАМАТ»

«АДАЛ АЗАМАТ» тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында әлеуметтік педагог С.Е. Касымова 10 «А» сынып оқушылары арасында «Заң және еңбек: өмір жолындағы жауапкершілік» тақырыбында интерактивті ойын өткізді.

Ойын барысында оқушылар жұмысқа орналасу, мамандық таңдау, жалақы, кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары мен міндеттеріне байланысты түрлі өмірлік жағдаяттарды қарастырды. Оқушылар шешім қабылдап, ұсынылған шарттарды бағалап, олардың заңнама талаптарына сәйкес келетін-келмейтінін анықтады. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын жүзеге асыруға, құқықтық мәдениетті және еңбекке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь