Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Creative IT Center ZIYATKER MYRA экскурсиясы.

2026 жылдың 29 қыркүйегінде «Адал азамат» бағдарламасы аясында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ 7 «Б» сынып оқушылары үшін заманауи Creative IT Center ZIYATKER MYRA орталығына әсерлі экскурсия ұйымдастырылды.
Орталық жетекшісі Ахметова Әйгерім Бремжанқызы оқушыларды қуана қарсы алып, мекеменің қызметімен және негізгі жобаларымен таныстырды. Мектеп оқушылары тек озық құрал-жабдықтарды көріп қана қоймай, жоғары технологиялар әлеміне практика жүзінде сүңгіді!
Оқушылар интерактивті экрандар арқылы танымдық квиз сұрақтарына белсенді жауап берді. Болашақтың археологтары рөлін сәтті сомдаған мектеп оқушылары көне жәдігерлерді цифрлық қазба жұмыстары арқылы зерделеді. Инновациялық 3D-экранның көмегімен жетінші сынып оқушылары мыңдаған километр қашықтыққа саяхат жасап, шетелдік танымал музейлерге виртуалды тур жасады.
VR-көзілдіріктердің арқасында оқушылар Солтүстік Қазақстан облысының энеолит дәуіріндегі мақтанышы — Ботай мәдениетін өз көздерімен көрді.
Мұндай шабыттандыратын шаралар оқушылардың өрісін кеңейтіп, тарихқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақ IT-мамандығын саналы түрде таңдауға сенімді қадам жасауға көмектеседі! Бұл күн оқушыларымыздың эсінде ұзақ сақталады деген сенімдеміз.
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь