Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

⚜️Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары және адами капиталды дамыту Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық негізіне қойылған.

⚜️Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары және адами капиталды дамыту Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық негізіне қойылған.
2026 жылғы 10 тамызда «№ 29 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесі аясында Солтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеттері басшыларының, әдіскерлердің және мектеп директорларының секциясы өтті.
Отырыс барысында өңірлік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары айқындалды: білім беру сапасын арттыру, кадр саясатын жетілдіру, цифрлық трансформация, басшылардың басқарушылық құзыреттілігін дамыту және әдістемелік сүйемелдеуді күшейту. Талқылауға Білім басқармасының, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің және Мемлекеттік еңбек инспекциясы және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Білім сапасын трансформациялау, жаңа оқу жылындағы инновациялар мен жаңалықтар, педагог қызметкерлердің кәсіби өсуі өзекті тақырыптарға айналды.
Отырыс қорытындысы бойынша жаңа 2026-2027 оқу жылына арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Жаңа оқу жылында шығармашылық табыстар мен алға қойылған міндеттерді іске асыруды тілейміз!
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь