«Даланың үні—Неваның жаңғырығы» телемосты
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Даланың үні—Неваның жаңғырығы» телемосты Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналды. Бұл ерекше кездесуде Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері бір арнада тоғысты.
Іс-шараға «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Горохводацкая Анна Васильевна және 10 «В» сынып оқушылары Ермекова Эльмира, Масенко Ксения қатысып, ақынның өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп оқыды.
Серіктес қала — Санкт-Петербург. Жамбылдың «Ленинградтық өренім…» жыры соғыс жылдары қоршауда қалған қала тұрғындарына рух беріп, үміт сыйлағаны белгілі. Сол рухты бүгінгі жас ұрпақ жаңғыртты.
Кездесу барысында ардагер буын өкілдері мен әріптестер жылы лебіздерін білдірді. «Тарлан» ансамблі орындаған күй және Дмитрий Шостаковичтің «Ленинград» симфониясынан үзінді ерекше әсер қалдырды.
Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Ең бастысы—бұл телемост елдер арасындағы достықты, мәдени бірлікті және тарихи жадыны нығайтқан тағылымды кездесу болды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер