2015 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында ДФЛ-2026 қысқы чемпионаты өтті.
10 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Қостанай қаласында 2015 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында ДФЛ-2026 қысқы чемпионаты өтті. Біздің мектептің оқушылары—6 «Б» сынып оқушысы Ерғалиев Карим мен 4 «Б» сынып оқушысы Рыжов Илья аудан құрамасының сапында өнер көрсетіп, команда 1-орынға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жас футболшыларымыз жеке марапаттарға да ие болды:
Ерғалиев Карим — «Турнирдің үздік ойыншысы»,
Рыжов Илья— «Команданың пайдалы ойыншысы».
Балаларды осындай күрделі әрі тартысты турнирдегі лайықты жеңістерімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да табыс, жарқын ойындар мен жаңа жеңістер тілейміз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер