Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

🔰2026 жылдың 26 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы педагогтерінің авторлық әдістемелік әзірлемелерін сараптау бойынша сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

🔰2026 жылдың 26 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы педагогтерінің авторлық әдістемелік әзірлемелерін сараптау бойынша сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында сарапшылар әдістемелік материалдар бойынша жүргізген талдау нәтижелерімен таныстырды. Заманауи білім беру талаптарына сай сапалы және өзекті әзірлемелердің оң мысалдарымен қатар, материалдардың безендірілуі мен мазмұнындағы анықталған мәселелерге де тоқталды.
Сараптамалық кеңес академиялық адалдықты сақтаудың маңыздылығын, әдістемелік материалдардың ресімделуіне және мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды және ұсынылған жұмыстарды мұқият қарастыру қажеттігін атап өтті.
Педагогтердің әдістемелік өнімдерін бағалау барысында авторларға бағалау парақтарында оларды жетілдіру және кез келген мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар беріледі.
Осындай кездесулердің өткізілуі әдістемелік өнімдердің деңгейін көтеруге және облыс педагогтерінің кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған.
Жүргізілген жұмыстардың негізінде әдістемелік өнімдердің авторларына ұсыныстар әзірленді:
- материалдар құрылымының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
- мақсаттар мен күтілетін нәтижелерді нақты тұжырымдау;
- талаптарға сәйкес нормативтік құжаттар мен дереккөздерге сілтемелерді пішімдеу;
- материалдарды қарызға алу кезінде бастапқы дереккөзге сілтеме беру;
- ұсынылатын материалдардың практикалық бағыттылығы маңызды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь