Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға өздерінің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауға көмектесу, сондай-ақ болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт беру болды. Тест барысында білім алушылар әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің қандай салаға жақын екенін анықтауға мүмкіндік алды.