05.02.2025 жылы Қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ұлт жүрегінен орын алған ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған мектепішілік «Жырлайды жүрек» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы арқылы адамгершілікке, туған елге сүйіспеншілікке тәрбиелеу, рухани құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, поэзияға деген қызығушылықтарын көрсетті. Байқау жас ұрпақтың рухани дамуына оң ықпал етті.
Сайыс қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлдегер атанды.
І орын - Елеусизова Нұрай 1 «Ә» сынып
І орын - Айнадин Айсұлтан 6 «А» сынып
ІІ орын - Қадырбек Айзере 2 «Ә» сынып
ІІ орын - Амангелді Фарида 6 «Ә» сынып
ІІІ орын - Асхат Алихан 2 «Ә» сынып
ІІІ орын - Ербулат Ақмаржан 8 «Б» сынып