Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Тәртіп – тәрбие бастауы»

"Адал Азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнына сәйкес, қаңтар айы «Заң мен тәртіп» құндылығы айы аясында 2026 жылғы 19 қаңтар күні 11-сынып оқушыларымен «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбында сот және полиция қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге: Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сотының Әкімшісінің басшысы Кожанкулова А.Е, Бас маман сот отырысының хатшысы Ауганбаева М.Қ, Аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Жолдасбеков Н.А қатысты.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға құқықтық тәрбие беру, заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
Іс-шара барысында сот және полиция қызметкерлері өз қызметтері туралы мәлімет беріп, заң талаптарын сақтау, жауапкершілік пен тәртіптің маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Кездесуді ұйымдастырған:ТІО – М.Е. Мукашев, Кәсіптік бағдар беруші – Сердалина Т.Б.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь