Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Қауіпсіздік - теория емес, өмірлік дағды.

🔰 Қауіпсіздік - теория емес, өмірлік дағды. Осы ұстанымды оқушыларға тереңірек түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 28 қаңтарында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды іс-шара өткізілді.
Осы бастама шеңберінде Алтынбек Абдрахманов атындағы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД №5 жаңа өрт сөндіру бөліміне 30-ға жуық оқушы танымдық экскурсияға қатысты.
Экскурсия барысында білім алушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, заманауи техника мен арнайы құрал-жабдықтардың жұмыс істеу ерекшеліктерін өз көздерімен көрді. Сала мамандары төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары, өрт қауіпсіздігі талаптары және адам өмірін сақтаудағы жауапкершілік жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды.
Аталған іс-шара оқушыларға қауіпсіздік пен тәртіптің маңызын түсіндірумен қатар, оларды батылдыққа, жауапкершілікке және саналы әрекетке тәрбиелейтін мәні зор кездесу болды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь