Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу жолы

2025 жылдың 15 желтоқсан күні №2 Новоишим орта мектебі КММ-нің мектеп кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай даярлық сынып оқушылары арасында “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні” тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы жан-жақты мәлімет беру, ел тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлттық рухқа тәрбиелеу.
Ақпараттық сағат барысында оқушыларға мазмұнды презентация көрсетіліп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу жолы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы туралы түсіндірілді. Сондай-ақ Тәуелсіздік жолында құрбан болған батырлар – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаевтың ерліктері баяндалып, олардың ел тарихындағы орны ерекше аталып өтті.
Аталған іс-шара оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, Тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь