Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні”

2025 жылдың 15 желтоқсан күні №2 Новоишим орта мектебі КММ-нің мектеп кітапханасында “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні” тақырыбында мерекелік көрме ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихы, оның мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру, жас ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыру, мемлекетіміздің дамуына деген құрмет пен жауапкершілікті арттыру.
Көрме барысында Тәуелсіздіктің қалыптасу жолындағы маңызды тарихи даталар мен ел еркіндігі үшін күрескен қаһарман тұлғаларға арналған ақпараттық стендтер ұсынылды. Атап айтқанда, Желтоқсан оқиғасының батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаевтың өмірі мен ерлігі туралы танымдық материалдар қойылды.
Көрме безендірілуі ерекше мазмұнда ұйымдастырылып, Тәуелсіздікке арналған “Тәуелсіздік тұғырым” атты баннер, оның тарихы, Қазақстан Республикасының картасы мен мемлекеттік рәміздері көрермен назарына ұсынылды.
Аталған көрме оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуға үлкен ықпал етті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь