Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

"Үйде және мектепте су ресурстарын үнемдеу практикасы"

14 қараша күні "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де аға тәлімгер Буреева М.С. және мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен 5–8 сынып оқушыларымен "Үйде және мектепте су ресурстарын үнемдеу практикасы" атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — үйде және оқу орындарында суды тиімді пайдаланудың жолдарын түсіндіру, оқушыларды табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу және экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Дөңгелек үстел барысында:
су ресурстарының қазіргі жағдайы,
артық су шығынының экологияға әсері,
тұрмыста су үнемдеудің қарапайым әрі тиімді тәсілдері,
мектептегі суға қатысты тәртіп ережелері туралы ақпарат берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты, сұрақтар қойып, су үнемдеуге арналған ұсыныстарын бөлісті.
Іс-шара экологиялық мәдениетті нығайтып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында тиімді өтті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь