Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жаңа ұлт сапасы білім, ғылым және мәдениетті дамыту арқылы қалыптасатынын атап өтті. Осыған байланысты өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге ерекше назар аудару, балаларға адамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңіру қажет.
