Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Оқушылардың репродуктивтік денсаулығы»

2025 жылдың 30 қыркүйек күні « №2 Новоишим орта мектебі» КММ 8–11-сынып қыздарына арналған «Оқушылардың репродуктивтік денсаулығы» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі маман Бекова Гүльмира Ескеновна жүргізді.
Сондай-ақ, іс-шараға мектептің педагог-психологтері Есимова Б.К., Шакеева Д.М. және әлеуметтік педагог Туленова Ж.Е. қатысты.
Кездесудің мақсаты: оқушы қыздардың репродуктивтік денсаулығы, ерте жүктіліктің алдын алу және өз болашағына жауапкершілікпен қарау туралы хабардарлығын арттыру.
Дәріс барысында келесі маңызды тақырыптар қозғалды:
оқушылардың репродуктивтік денсаулығы;
оның физикалық және психологиялық денсаулыққа әсері;
саналы таңдау жасау мен болашақты жоспарлаудың маңыздылығы;
қолжетімді қорғану әдістері мен көмек сұрауға болатын орындар.
Дәріс сенімді және сыйластық атмосферада өтіп, қыздардың есею кезеңіндегі маңызды сұрақтарды ашық талқылауына мүмкіндік берді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь