Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың ғылыми педагогикалық негіздері»

⚜️ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке білім беру департаменті ағымдағы жылғы 2 қазан күні «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың ғылыми педагогикалық негіздері» зерттеу жобасы аясында Петропавл қаласының «Балдаурен» және «Ақбота» балабақшаларында ұйымдастырылған іс әрекетке бақылау жұмысы жүргізілді.
Аталған жобаға Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сайра Нағашыбаевна Жиенбаева қатысып, педагогтерімізге семинар өткізді.
Бақылау барысында «Тілге бойлау» бағдарламасының тәрбиелеу-білім беру процесінде кіріктіріліп жүргізіліп жатқанын, педагогтердің бағдарлама мазмұнын әр түрлі әрекеттермен іске асыруын байқап, тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілінде сөйлеуін дамытуда инновациялық жұмыстарының мол екенін атап өтті. «Балдаурен» балабақшасында ЖИ арқылы қазақ тілін үйретуде тіл ортасын құрып, оның ішінде цифрлық ресурстардың мүмкіндіктерін қолданып жатқанын, ал «Ақбота» балабақшасында балалардың сөйлеуін дамытуда көпқызметті атқаратын авторлық құралдарына куә болды.
Тәжірибені бақылай отырып, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» «Әдістемелік орталық» КММ, «Балдәурен», «Ақбота» балабақшаларының ұжымдарына ризашылығын білдіріп, жұмыстарымызға сәттілік тіледі!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь