Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Дауқара орта мектебі» КММ 16.01.2025 жылы Кәсіптік бағдар беруші педагог Мұса Р.Қ. ұйымдастыруымен мектебімізде студент жастар мен 11 сынып оқушылары арасында «Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент» тақырыбында, жастардың шығармашылығын дамыту, тәжірибе алмасу және болашаққа деген көзқарастарын ортаға салуға арналған мағыналы кездесу кеші болып өтті. Кездесу кештің мақсаты: Студенттер мен оқушылардың арман мен мақсат қоюдағы шығармашылық ойлауын дамыту. Болашаққа жоспар құруға бағыт беру және жоспар құрудың маңыздылығын түсіндіру. Оқушыларға болашақ мамандықты таңдау және өмірлік мақсаттарды қоюдағы мотивация беру болды. Кеш барысында студенттер өздерінің ақыл-кеңестерімен бөлісіп, ҰБТ-ке қалай дайындалу керек екенін, өздерінің студенттік кезеңде қандай қабілеттерін дамытып жатқандарын және болашаққа қандай қадамдар жасап жатқандарымен бөлісті. Жиын пікір алмасулармен жалғасып, қатысушылар арасында ойындар ойнатылды. Кеш соңында оқушылар мен студенттерге арнайы мотивациялық сөздер таратылды. Оқушылар мен студенттер бір-бірімен байланыс күшейіп, болашаққа деген сенімдерін нығайтты.

                                                                                                          

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь