Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

2025 жылғы 6 қаңтарда жаратылыстану-математикалық цикл бағыттары бойынша жалпы білім беретін мектептер арасында «Ғылымның бастауында» облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға информатика, математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша 70-ден астам 7,8,9- сынып оқушылары қатысты.

⚜️2025 жылғы 6 қаңтарда жаратылыстану-математикалық цикл бағыттары бойынша жалпы білім беретін мектептер арасында «Ғылымның бастауында» облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға информатика, математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша 70-ден астам 7,8,9- сынып оқушылары қатысты.
Аталған олимпиаданың мақсаты - жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқытуға қызығушылықты арттыру, дарынды балалардың жұмысын ынталандыру. Олимпиада дәстүрлі түрде 2 тур бойынша өтті. Тапсырмалар теориялық және практикалық сипатта болды. Оқушылардың жұмысы командалық сипатта болды.
🔖«Ғылымның бастауында» олимпиадасының қорытындысы бойынша Есіл ауданының командасы ең жоғары балл жинап, «Гран-при» иеленді.
🥇1-орын: Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының командалары үздік атанды.
🥈2-орын: М.Жұмабаев, Шал ақын және Мамлют аудандары командалары.
🥉3 орын: Шал ақын, Тайынша, Уәлиханов және Ақжар аудандары командалары.
«Ғылымның бастауында» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз, барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь