Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Денсаулық фестивалі


Жұртшылықты дене белсенділігін кеңейту, дұрыс тамақтану ұстанымдарын сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту, замануи алдын ала тексерулерді өту жолымен денсаулықты нығайтуға тарту мақсатынды СҚО бойынша кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» акциясы өткізілді. «Денсаулық фестивалі» 2017 жылғы 9 қыркүйегі «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» ұранымен өтті. Сағат 10.00-де барлық мектептерде, спорт алаңшаларда, қала алаңдарында спорттық шаралар жүргізілді. Мектеп мұғалімдері директор Р.С. Сәркеннің басшылығымен Қазақстан Конституциясы алаңында  көпшілікпен бірге жаттығу жасауға қатысты. Жақсы көңіл күймен, жағымды сезіммен біздің мұғалімдер «Жүру –зиян емес. Жүрмеу –зиян!» марафонын белсенді өтті.

 

Бұл күні мектепте жетінші мен жоғары сыныптардың қыздары өз іскерліктерін флешмобта көрсетті. Олар би аэробикасы мен стретч жаттығулар кешенін әдемі және әзерлі орындады. Бұл ойын-сауық көрініске 111 бойжеткен қатысты.

 

Аула алаңшада 5-сыныптардың ұлдары арасында футболдан жарыс өткізілді. Жас футболшылар жеңу үшін барлық күштерін салды. Футбол бәсекелесі тепе-тең нәтижемен аяқталды.

10-сыныптардың жас жігіттері арасында футболдан жолдастық кездесу өтті, мұнда олар өздерінің техникалық және тактикалық  ептілігін жетілдірді. Оқушылар спартакиадасына дайындық басталды.

 

Бейнероликке сілтеме: http://b1426.sko.agartu.kz/videogallery?account=1459246571601042&lang=ru 

Фестивальге қатысқандардың барлығы орасан зор сергектік қуаты мен жақсы сезім алды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь