«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу біздің қанымызда бар қасиет»,- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласында айтып өткендей дарынды бала мәңгілік ел болашағы. Осындай дарынды балаға толы, білім ордасының бірі –Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия. Аталмыш білім ордасында 2017жылдың 2 қыркүйегінде «Сыңғырла, алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиыны аталып өтті. Қазақстан Республикасының Гимні орындалғаннан соң, жүргізушілер сөз кезегін қонақтарға берді. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндер мерекені жалғастырды. Алғашқы қоңырау салтанатты жиынынан кейін барлық сыныптарда «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мерекелік іс-шара қызықты, әрі көңілді өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау