15-25 қыркүйек аралығында гимназиямыздың шаңырағында Тілдер фестивалі аясында « Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты онкүндігі тойланды. Онкүндік барысында оқушылар мен ұстаздардың жан-жақты шығармашылығы мен шеберлігі байқалды. Фестиваль аясында « Ертегілер әлемі» атты 5-7 сыныптар аралығында әдеби монтаж, «Көпұлттылық – Қазақстан бірлігінің кепілі» атты ұлттар жәрмеңкесі өткізілді. Сонымен қатар оқушылардың білімін тану мақсатында «что? где? когда?» 8-10 сыныптар мен мұғалімдер арасында, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» 9-11 сыныптар арасында, « Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» атты үш тілде мәнерлеп оқу байқауы 3-4 сыныптар арасында өткізілген түрлі интелектуалдық ойындарға гимназия оқушылары белсене қатысып, Елбасының үштілділік мақсатын дамытуға ат салысты.
Гуманитария кафедрасы
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау