Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

САУАПТЫ ІС

        1 тамыз – 30 қыркүйек аралығын қамтитын республикалық «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды қолдауға бағытталған акцияның көздегені -  әлеуметтік жағдайлар салдарынан 1 қыркүйекте мектепке баруға мүмкіндігі жоқ балаларды сабаққа дайындау. Алдымен ауылдық әкімшілікпен байланыс жасап, ауыл аумағында тұратын көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тізімі жасалды.

Жаппай білім қорынан аз қамтылған және көпбалалы 10 ата-ана  жалпы құны 50000 теңгеге мектепке керек оқу құралдары түрінде көмек алды.

 Біздің тұрақты демеушіміз «Мәмбетов және К» серіктестігі дәстүрге айналған  өз көмектерін жасады. Нақтылап айтсақ, серіктестік  72000 теңгеге  1-сыныпқа баратын бүлдіршіндерге оқуға қажетті құралдар әперді.  

     Жалпы акция аясында 18 оқушы көмек алды.

«Мәмбетов және К» серіктестігінің бас директоры Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағанбетұлына, атқарушы директоры Жүнісов Арыстан Ноғайұлына, ел ертеңі болар жас ұрпаққа көрсетіп отырған ағалық қамқорлықтары үшін  ата-аналардың  және ұжымымыздың атынан  үлкен алғысымызды білдіреміз. Еңбектері жемісті болып, шаруашылықтары өркендей беруіне тілектеспіз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь