2017 жылғы 13-18 маусым аралығында 9-10-сынып оқушылары, мектеп директоры, тарих және география мұғалімдері Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Мамлют, Жамбыл, Тимирязев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын аудандары бойынша экспедиция тобы жұмысына қатысты.

Экспедиция мақсаты: ҚР Президентінің мақаласында көрсетілген «Туған жер» және «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобаларын жүзеге асыру.

Экспедиция тобы жұмысының барысында балалар біздің ұлы жерлестеріміз: Ғабит Мүсірепов, Сабит Мұқанов, Иван Шухов, Е.А. Бөкетов, А.С. Викторенко туралы білімдерін толықтырды.


Тәуелсіз Қазақстанның дамуына зор үлес қосқан адамдар туралы көп материал жинады. Балалар И.К. Тасмагамбетовтан, И.Н. Сургутскаядан, Диденко И.С., Н.Х. Сыздыковтан сұхбат алды.
Әр ауданда балалар жұмыстың қорытындысын, алған ақпаратты дөңгелек үстел өткізу арқылы өздерінің жастастарымен талқылап жинақтады, сондай-ақ флешмоб өткізді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау