Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілері мінез-құлықтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

                                                                  «Петропавл қаласы әкімдігі

білім  бөлімі» КММ басшысының м.а.

2017 жылғы «13» қантардағы

№ 46 бұйрығымен бекітілген

 

«Петропавл қаласы әкімдігінің білім  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілері мінез-құлықтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

       1.«Петропавл қаласы әкімдігінің білім  бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілері мінез-құлықтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының                 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және қызметті ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жүйесін білдіреді.

       2.Стандарт «Петропавл қаласы әкімдігінің білім  бөлімі»коммуналдық

мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтарын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзімсіздік бағытына жетуге, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарын болдырмауға арналған. 

  1. Стандарт қағидалары:
  • заңдылық;
  • ашықтық;
  • әдептілік;
  • жеке және  заңды  тұлғалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін

сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

  • мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.
  1. Мемлекеттік қызметшілер    лауазымдық   өкілеттіліктерін    орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты емес.
  2. Қазақстан Республикасының  қолданыстағы  заңнамасы (оның ішінде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілер туралы) шеңберінде мемлекеттік қызметшілер:
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске

асыру кезінде:

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде бюрократизм мен қағазбастылық көріністеріне жол бермеуді;

азаматтардың құқықтарын іске асыру мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің ең қысқа мерзімін;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді;

көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге  жағдайлар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз тең қол жеткізуді;

азаматтың өтінішін қарау мәселесінің әділ шешілуінде мүдделі емес деп ойлауға негіз бар тұлғаға жүктелетін жағдайларды;

шағым түсірген немесе оны түсіруге мүдделі тұлғаға шағымның зиян келтіруін;

әрекеттеріне өтініште шағым жасалған лауазымды тұлғаларға өтініш жіберуді;

азаматтардың келісімінсіз олардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиялары туралы мәліметтерді жария ету мүмкіндігіне;

өтінішке қатысы жоқ азаматтың жеке басы туралы деректер анықтауға жол берілмеуін қамтамасыз етеді.

  • Өз құзыреті  шеңберінде басқару және басқа да шешімдер дайындау

және қабылдау кезінде:

барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың құзыретін нақты шектеуді және келісіп жұмыс істеуін;

лауазымдық өкілеттіліктерді орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар шығаруға жол бермеуді;

туысқандық, жерлестік және жеке адалдық белгілері бойынша кадрларды іріктеу және қою жағдайларын болдырмауды;

қабылданатын шешімдердің заңдылығына жеке жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

  • нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

осы   актіні   қабылдау   бойынша   құзыреттілік   тікелей  Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайда ғана нормативтік құқықтық актілер қабылдауды;

азаматтардың құқықтарын іске асыру жөніндегі шешім жобасы келісілетін инстанциялар санын азайтуды қамтамасыз етеді.

  • күнделікті қызметте:

қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтайды және нығайтады;

көпшілік мақұлдаған моральдық-әдептік нормаларды сақтайды;

мемлекеттік билік беделін қолдауды және Қазақстан Республикасының беделін түсіретін және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерді болдырмауды, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруды, мемлекеттік қызметшілерге заңнамамен белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;

лауазымдық өкілеттіктерді және оның негізінде құрылған беделді жеке, топтық және басқа да қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкелетін әрекеттер жасауға жол бермейді;

қажет болған жағдайда мүдделер қақтығысының, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке қызығушылықтардың туындауы, сыбайлас жемқорлыққа және сыйлықтар алуға бейімдеу туралы немесе белгілі сыбайлас құқық бұзушылық жағдайлар туралы тікелей немесе тура басшыға жеткізеді;

мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдылықтар алу немесе табу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және басқа ақпаратты пайдаланбайды;

жақын туыстық қарым-қатынастардағы тұлғалармен (ата-аналар, жұбайлар, ағайындылар, әпке, балалар) тікелей бағынушылық немесе бақылау алушылықпен байланысты лауазымдарға тағайындалудан бас тартады;

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің сақталуын қолдайды;

қызметтік тәртіпті және қызметтік әдепті сақтайды;

өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік атқарады.

  1. Басшы:

өз мінез-құлқымен бейтараптылық, әділдік, риясыздық, тұлғаның абыройы мен намысына құрметпен қараудың үлгісі болады;

жеке-дара өкім жүргізу жолымен басшылық етеді және қабылданатын шешімдердің заңдылығына жеке жауапкершілік атқарады;

қоластындағылардан олардың лауазымдық өкілеттіліктерінің шегінен шығатын тапсырмалардың орындалуын талап етпейді;

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдайды; 

өзінің қоластындағы қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайына және олар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауды болдырмауға жеке жауапкершілік атқарады.

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь