Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік өтті.

Қаратерек орта мектебінде 1.06.2017 жылы Халықаралық балалар қорғау күні өтті. Аталмыш мерекеге мектеп ұстаздары белсене қатысып,балаларға ұмытылмас ертеңгілік ұйымдастырды.

Ертеңгілікті мектеп директоры Куандыкова А.Б. бастады.Әрі қарай балаларды мектеп кітапханашысы Дауленова С.Ж.«Балалық шақтың белесімен»атты кітап көрмесіне,қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусекенова Б.О. «Балалықпен қоштасуға асықпа»тақырыбында әдеби жәрмеңке өткізді.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Усаев А.А. «Жарқын жазды қарсы алып,көңілденіп ойнаймыз»атты спорттық іс-шара ұйымдастырды. Сурет пәнінің мұғалімі Сарсенова А.А. «Балалар күлкісі әлемді әрлейді»тақырыбында асфальтта сурет сайысын ұйымдастырды.«Әлем балалармен ғажап» атты мерекелік концертті тамашаланды. Балалардың жүздеріндегі қуанышты көріп,балалармен бірге қуанып мектеп ұжымы да балалық шақтарын естеріне түсірді. Балалардың сазды әуендері мен флешмоб билеріне қызыға тамсанып,керемет көңіл-күймен мерекелік концертімізді жабық деп жарияладық.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь