Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

25 мамыр күні Кеңес орта мектебінде «Сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салтанатты іс-шара өтті.

Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

  Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр – деп ақын ағаларымыз жырлап кеткендей, осынау бір сырлы өлең жолдарымен   25 мамыр күні Кеңес орта мектебінде   «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» жылдағы үрдіспен салтанатты жиын болып өтті. Жиынға аудандық әкімдіктен келген қонақтар мен ата-аналар қатынасты.

  Алғашқы болып сөз алған мектеп директоры Базарбекова Б.Қ. мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған жұртшылықты соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап түлектерге сәт сапар тіледі. Жыл бойы үздік бағамен оқыған оқушыларды  алғыс хаттармен марапаттады.  

Мектеп бітіруші түлектерге балғын жас шыбықтар 1 - сынып оқушылар сәт сапар тілеп, тақпақтарын оқып сыйлықтарын табыс етті. Мереке соңына қарай ата – аналар сөз кезегін алып ұстаздарға ізгі тілектерін, ризашылықтарын білдірді. Соңғы соңырау соғу рәсімі 11- сынып оқушысы  Брмжанова Әйгерім  және 1- сынып оқушысы, оқу үздігі Шермұхамбет Жаннұрға  табыс етілді. Мерекелік жиын өте жақсы дәрежеде өтті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь