2017жылдың 12 мамыр күні гимназиямызда Республика көлемінде барлық мектептерде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлмира Жакенқызы қатысты. Күн тәртібінде мектептегі қамқоршылық кеңестерінің қызметі, жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны, ҰБТ-ның жаңа форматы, мектеп бітіру іс-шарасын өткізудің тұжырымдамасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңару» мақаласы негізінде «Туған жер» бағдарламасының мазмұны талқыланды. 1 маусым - балалар күніне орай өтетін республикалық "Шабыт" шеруі қандай деңгейде болмақ? Осы сынды мәселелер талданды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау