«Шал ақын ауданының Жалтыр негізгі мектебі»
«Тапқыр достар.»
Наурыз мерекесіне орай.
Кітапханашы,бастауыш сынып мұғалімі: Г.Т.Оспанова
2016-2017 оқу жылы
Сайыстың тақырыбы: «Тапқыр достар.»
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;
Дамытушылық: Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
Тәрбиелік: Білімге деген қызығушылықтарын арттыру:
Көрнекілігі: суреттер,мақал-мәтелдер жазылған плакаттар т.б
Сабақтың барысы:
1.Кіріспе.
Амир: Хош келдіңіздер құрметті ата-аналар мен ұстаздар!
Саяжан: Бүгін бізде өте қызықты сайыс болғалы отыр.
Амир: Ендеше сайысымызды бастайық!
Саяжан: Олай болса, ортаға тапқыр достарымызды шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Амир: Сабағымыз сайыс болғандықтан әділ қазы да болуы керек.
Саяжан:Дайын болсақ барлығымыз,ойын шартымен танысайық.
Амир: Біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
1-ші кезең «Таныстыру»кезеңі
Саяжан: 2-ші кезең: « Кім тапқыр?»
Амир: 3-ші кезең: « Ойлан тап!»
Саяжан: 4-ші кезең: « Сөз тапқыш»
Амир: 5-ші кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Саяжан: 6-ші кезең: « Өнерлі өрге жүзер!»
Амир: Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың,
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын-дегендей сайысымыздың
1- кезең.Таныстыруды бастайық.Оқушылар екі топқа бөлінеді
«Өнерлілер» тобы
«Тапқырлар» тобы
Ұранымен таныстырады.
1) «Өнерлер» тобының ұраны: «Өнермен өрге жүземіз»
2) «Тапқырлар» тобының ұраны: «Тапқыр достар біз боламыз»
Саяжан: Олай болса бұл сайысты бірінші кім болып бастайтынын білу үшін жеребе арқылы анықтап көрейік, ендеше екі топтан бір- бір оқушыдан шығып екі қағаздың бірін тандайсыздар.
Амир: Сонымен сайысымызды бірінші болып «Өнерлілер» тобы бастайды.
Екі топ өздеріне қандай әріп түскенін айтып шықсын.
Бәрекелді. ал енді қолдарыңыздағы әріптеріңіз бойынша берілген сұраққа жауап береді.Шарт бойынша өз әріптеріңізден басталатын ғана сөз айтуға тиіссіздер!
2-кезең. «Кім тапқыр» кезеңін бастаймыз.
Ал енді бірінші болып «Өнерлілер» тобынан бастайық:
1. Кеше қайда болдың?
2. Атың кім?
3. Қазір қандай сабақ?
4. Үстел үстінде не жатыр?
5. Жазда не болады?
6. Есік қаққан кім?
7. Кіммен доссың?
8. Қалтаңдағы не?
9. Ысқырған кім?
10.Кімді жақсы көресің?
- Жарайсыңдар! «Өнерлілер» тобына қол соғып қояйық!
Саяжан:-« Тапқырлар» тобы дайын болса, бастайық!
1. Немен келдің?
2. Ертең қайда барасың?
3. Не ұшып бара жатыр?
4. Түсіңде не көрдің?
5. Ән айтқан кім?
6. Қай қалаға бардың?
7. Көктемде не болады?
8. Сандықта не жатыр?
9. Қасыңдағы кім?
10.Неден қорқасың?
-Рахмет! Бұл жауаптардың қаншалықты растығын әділ қазылар бағалай жатар?
Амир: Рахмет достар! Біз ойынды әрі қарай жалғастырамыз. Тақтада бірнеше ұяшық бар. Таңдаған ұяшықты ашып,ондағы сұрақтарға жауап берсеңіздер, сол ұпайды қоржындарыңызға саласыздар.
Қане «Өнерлілер» тобынан бастайық, ойлануға 30 секунд.
10 20 30
20 30 10
30 10 20
Үстіндегі 10 - Үш бидің атын ата. (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)
Ортадағы 20- Қазақтың жаңа жылы. (22-Наурыз)
Астынғы 30- Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздер)
Үстіндегі 10 – Жыл мезгілдерін ата. (Қыс,көктем,жаз,күз)
Ортадағы 20- Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл? (550жыл)
Астынғы 30- Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)
Үстіндегі 10 - Мәтіннің түрлерін ата. (Сипаттау,әңгімелеу,пайымдау)
Ортадағы 20 - Табиғат дегеніміз не? (Бізді қоршаған орта)
Астынғы 30 - Көру мүшесі. (Көз)
3-кезең «Ойлан тап!»бастаймыз.
Амир: Жақсы, ал енді достар тақтада берілген « Алтыбақан» атты сөздің құрамындағы әріптерден қысқа сөздер құрастырып жазуларың тиіс.Берілетін уақыт 1минут. Ал ендеше 1минут уақыт ішінде қай команда көп сөз жазады екен? Іске сәт!
Саяжан: Ал енді 1 минут уақыттарын бітті. Ал енді «Тапқырлар» тобы жазған сөздерін оқып шықсын!
Саяжан: Жақсы «Өнерлілер» тобына қол соғып қояйық.
Мұғалім: Келесі «Тапқырлар» тобы өз сөздерін оқып шықсын.
( Ал,алты,алтын,бақ,ақ,лақ,тақ,нақ,нақты,латын,бақа,бал,тал.т.б)
Саяжан: Жарайсыздар! Сонымен бұл сыннан өттіңіздер,ендігі тапсырма
4-кезең . «Сөз тапқыш» бастаймыз
1. Әке – асқар... (тау)
2. Үлкенге құрмет... (кішіге ізет)
3. Оқу инемен.... (құдық қазғандай)
4. Денсаулықтың қадірін..... білерсің (ауырғанда)
5. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде........................ (ұлтан бол)
Амир
1. Өз үйім... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы,...
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, (Өнер жастан шығады.)
4. Отан... (оттан да ыстық)
5. Еңбек етсең ерінбей (тояды қарның тіленбей)
5-кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ?» сайысын бастаймыз!
Бірінші болып «Өнерлілер» тобын ортаға шақырамыз.
Шарты: Командаларға үш әріп беріледі. Әріптерді байланыстырып сұрақтарға жауап беру. (Мысалы Ж, А, Қ әріптері)
«Өнерлілер» тобына ( Ж, А, Қ әріптері)
1 сұрақ: Наурыз мерекесі қандай мейрам?
(жаңа жыл, ақ қар ериді, қыс кетеді)
2 сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?
(жал - жая, айран, қазы - қарта)
3 сұрақ: Кімге қарызбыз?
(Жанарға, анама, Қанатқа)
4 сұрақ: Тілек айт?
(жаман болма, қатты болма, ақ жол болсын)
«Тапқырлар» тобына ( Т, Б, С әріптері)
1 сұрақ: Наурыз мейрамында не болады?
(таң тез атады, бүршік жарады, су ағады)
2 сұрақ: Сабаққа келмеу мүмкін бе?
(бәрі мүмкін, Серік адасты, тіпті мүмкін емес)
3 сұрақ: Арманың не?
( сырға алу, тақия сатып алу, білім алу)
4 сұрақ: Қазақ тілі не үшін керек?
(білім алу, тапқыр болу, сөйлесу үшін.)
Саяжан:-Тамаша! Міне, ойынның да аяғына жеттік.
Енді шешуші кезең. «Өнерлі - өрге жүзер» дегендей, бұл сайыстан сүрінбей өтіңіздер.Қай топ дайын? Сол топты ду ғол шапалақпен ортаға шақырамыз!
Сонымен ақырғы айналымға да жетіп қалдық. Менің қолымда үш нұсқалы конверт бар. Нұсқаны бірінші болып ұпайы аз ойыншы таңдайды. Әрбір сұрақтың дұрыс жауабы үшін 10 ұпайдан беріледі. Олай болса, ұпайы аз ойыншы ойынды бастайды.
І нұсқа.
1) Жылдан құр қалаған жануар (Түйе)
2) Басты байлық не? (Денсаулық)
3) Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
4) Көру мүшесі? (көз)
5) Абайдың әжесі кім? (Зере)
ІІ нұсқа.
1) Түн ұйқысын төрт бөлген адам? (ана)
2) Жыл басы не? (Тышқан)
3) Орман дәрігері (Тоқылдақ)
4) Абайдың анасы? (Ұлжан)
5) Есту мүшесі: (Құлақ)
ІІІ нұсқа.
1) Үш биді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
2) Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
3) Сен қай облыста тұрасың? (Ақмола)
4) 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
5) Мектебіміз неше қабаттан тұрады? (3 қабаттан)
Саяжан: Қанекей достар шапалағымызды аямаймыз! Келесі топты жақсы көңіл күймен ортаға шақырайық!
Амир: - сендерге рахмет! Ал енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік!
Саяжан: -Енді, жеңген тобымыздың жеңілген топқа бұйымтайы бар екен. Сіздер не бұйырасыздар, жеңілген топ соны орындауы керек.
Амир: -Сіздер барда, біз де аман боламыз. Көп-көп рахмет!
Саяжан: Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау