Аудандық Мағжан оқулары
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін... деп Мағжан атамыз келешек ұрпағына өзінің осы өлеңдері арқылы күш, рух береді. Мағжан есімі өлмейді, тек қана жасара бермек, жасай бермек...
Жыл сайынғы болатын Мағжан оқуларының аудандық кезеңі бойынша «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша 6- сынып оқушысы Жылқыбай Даниял мен 5- сынып оқушысы Балахметова Аида 3- орын иеленді, «Толқынмен толқын сырласып...» номинациясы бойынша 1- орынды 8 – сынып оқушысы Жазит Айдана иеленсе, дәл осы номинация бойынша 3- орынға Жылқыбай Дариға ие болды. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша 11- сынып оқушысы Бекжанова Айнұр өз шығармаларын оқып, 3- орынға ие болды. Осы номинация бойынша 7- сынып оқушысы Саруарова Мерей әділқазылар алқасының шешімімен Алғыс хатқа ие болды. Оқушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер