Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялауымен үйымдастырылған жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысын мектеп директоры Жантокена М.Қ. ашты.  ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялауымен өткізіліп отырған  ата-аналардың жалпыұлттық жиналысының себебін, мақсатын және күн тәртібіндегі мәселелерді айтып өтті. Мәншүк Қажғалиқызы ата-аналар жаппай мектепке келіп, балаларының сыныптарын аралап, олардың қалай сабақ өтіп жатқандарын өз көздерімен көріп, сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, балаларының оқу деңгейлерін біліп отыру қажет деп айтып өтті.

1-ші мәселе бойынша яғни жаңартылған оқу бағдарламасын орта білім беру жүйесін енгізу  жайында өткен аптада жаңартылған оқу бағадарламасы бойынша курстан өтіп келген бастауыш сынып мұғалімі Тұяқова Қ.Ж ата-анларға осы бағдарламаның негізгі мақсатын және оның тиімділігі жайында айтып өтті.

2-ші мәселе бойынша мектептің тәрбие ісінің орынбасары Қазиева Б.Қ. қамқоршылық кеңестің  іс-әрекеті жайнда түсііндірді, яғни, қамқоршылық кеңес не мақсатпен құрылатынын және оның функцияларымен таныстырды. Мектебімізде қамқоршылық кеңес құрылған және оның құрамында  ШҚ «Әділет» басшысы Исин Н.Қ, ТОО басшысы Окунев С.В, ТОО «Снатай» басшысы Оспанов Е.Е, ата-аналар комитетінен Табеева Қ және ауылымыздың фельдшері Кишкентаева О.К куіретінін айтып өтті. Сонымен қатар Қазиева Б.Қ қазіргі кезде етек жайып кеткен парақорлық пен жемқорлық туралы айтып, оған қарсы парақшалар таратты.

3-ші мәселе бойынша оқу ісінің орынбасары Әбілова С.Ә ҰБТ жаңа форматы, негізгі мектеп курсын бітірушілерді аттестаттау және бітіру іс-шаралары туралы және 9-сынып оқушыларның алдағы тапсыратын мемлекеттік емтихандары жайында айтып өтті. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы  Гүлнар.Төлебайқызы  «Мектепке кітап сыйла!» акциясы туралы сөйледі. Ата-аналар мектепке кітаптар сыйлады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь