Біздің мектепте де 12.05.2017ж күні бірыңғай жалпыұлттық ата- аналар жиналысы тиісті белгіленген уақытта ұйымдастырылды .Оған ауданнан келген Мәдениет және тілдерді дамытудың тіл маманы Кожантаева Меруерт Есілбайқызы, ата-аналар,мектеп ұжымы және аймақтық полиция майоры Аубакиров С.Н. қатысты.
Күн тәртібінде:
1.Мектептегі қамқорлық кеңесінің жұмысы
2.Демеушілік пен қайырымдылық туралы
3.ҰБТ-ның жаңа формат, оқу жылын аяқтау шаралары
4.Түрлі мәселелер қарастырылды.
Жиналыс барысында мектеп директоры Базарбекова Балапан Қайнашқызы сөз алып, мектептің қамқорлық кеңесінің жұмысы, демеушілік пен қайырымдылық жайлы айтып, мектебімізге демеушілік жасаған адамдар туралы атап өтті. ОІМ Мухамедин Сырым Қойшыбайұлы ҰБТ-ның жаңа форматы жайлы тоқталды. Түрлі мәселелер бойынша ата-аналар өз пікірлерін.ойларын білдіріп ортаға салды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.
Жиналыстың шешімі :
1.Жыл сайын 12 мамыр күні өткізілетін ата-аналар жиналысына бір кісідей қатысу белгілінсін.
2.Балалардың сапалы білім алу жолында мектеппен ата-аналар арасында ынтымақты нығайту.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау