Ата – аналар жиналысы өтті
Шал ақын ауданы Сергеев қаласындағы қазақ орта мектебінде 12 мамыр 2017 жыл жалпы ұлттық ата – аналар жиналысы өтті. Жиналысты мектеп директорының міндетін атқарушы З.А. Жаркинова ашты күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде:
1. Жаңартылған бағдарлама білім берудің жаңа мазмұны жайлы Г.Қ. Шаниеваның бастауыш сыныптағы оқу бағдарламасы жайлы мәселе тыңдалды.
-
оқушылардың білімін кретериалды бағалау жүйесін қазақ тілі мұғалімі Б.С. Мухамеджанова таныстырды.
-
Қамқоршылық кеңестер жайлы А.Ж.Қажгумарова мәлімет берді. “Мектепке жол акциясы” кезінде 14 оқушыға көмек көрсеткен аудан басшылары, кәсіпкерлер, мектеп мұғалімдерінің көрсеткен көмегі жайлы мәліметтер берді. Жиналыста Зубида Азаматовна мектеп бітірушілердің қорытынды атестаттауы жайлы мағлұмат беріп, бейнероликтер ҰБТ тапсыру ережелерін таныстырды. «Мектепке кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары Шакенов Б.Қ. сөз алып болашақта мектептің жақсы жұмыс жасап, оқушылардың жоғары дәрежеде білім алуына барлық ата-аналар, мұғалімдер бірлесе отыра барлық мәселелерді шешуіне жағдай жасау жайлы айтты. Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі зор екенін атап өтті.
Осы жиналыста қаралған барлық мәселелер жайлы шешім қабылданды.
-
Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес мектепке 1-сыныпқа 6 жастағы балаларының ата-аналары өтініштер берілсін(жазылсын).
-
2017 жылға мектеп бітірушілері қорытынды аттестаттауға уақытында кесте бойынша қатысып, тапсыруын ата-ана қадағаласын,
-
2017 жылы ҰБТ жаңа формата тапсыру мақсатында дайындық жұмыстарына (консультация) жоспар бойынша
-
Жоғарыда аталған тізім бойынша Қамқоршылық кеңесі құрылып, 2017-2018 оқу жылына арналған жоспары құрылсын.
-
ҚР БҒМ ұсынысы бойынша мамыр-тамыз аралығында өтетін «Мектепке кітаптар сыйла», «Өз мектебіңе көмектес» Республикалық акцияларын жандандыру
-
Басқалардың өмірін сақтау немесе су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қайырымдылық акциялары жөніндегі түлектердің «Түлектер кешінің орнына – балалар өмірін сақтау» «Сыпайы түлектер кеші үшін!», «Түлектер кеші джинсиде» (инициативы) бастамасын қолдау.

«Мектепке кітап сыйла» акциясы

«Жемқорлыққа жол жоқ!» парақшаларды тарату жұмысы

2017 – 2018 жаңа оқу жылына қамқорлық кеңес құрамы тағайындалды.

Қайырымдылық көмек жасаған тұлғаларға арнап «Қайырымды жүректерге
мың алғыс» атты банер жасалынды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер