-Жиналысқа 47 ата-ана қатысты
-Ауылдық округ әкімшілігінің өкілі Тумабеков Заманбек қатысты
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Орта білім берудің жаңартылған мазмұны
2.Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ның жаңа форматы
3.Қамқоршылық кеңестерінің қызметі
4.Парақорлықпен күрес туралы
Жиналысқа 47 ата-ана, ауылдық әкімшіліктің өкілі Тумабеков Заманбек қатысты.Жиналысты мектеп директоры ашты.Ол оқу үдерісінде болып жатқан жаңалықтар жайлы жалпылама айтып өтті.Одан соң оқу ісінің меңгерушісі Қорғанбаева Н. Қ жаңартылған оқу бағдарламасы, қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ның жаңа форматы туралы толық мағлұмат берді, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Текебасова Р.Б қамқоршылық кеңестері, олардың атқарып жатқан істері жөнінде айтты, бейнеролик көрсетті. Одан соң сыбайлас жемқорлық, онымен күрес туралы айтып берді, үндеу парақшаларын таратты, сұрақтарға жауап берді.
Фоталар көрмесі-
http://b083.sko.agartu.kz/options/galleryAlbums/?pkid=1461914018632083&album=1494651814295831&type=1&account=1459246445202725
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау