Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

9-мамыр Жеңіс күніне арналған іс-шаралар

Бірлік негізгі мектебінде өткізілген7 мамыр Отан қорғаушылар күні және

9-мамыр Жеңіс күніне арналған іс-шаралар есебі

 

Бірлік негізгі мектебінде 2 мамырдан 9мамыр аралығында ҚР-ның Қарулы күштерінің 25 жылдығына, Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өткізілді. Отан қорғаушылар күніне орай «Мен,сен,ол-бәріміз-бүкіл елдің сәніміз!» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаз топ анықталып марапатталды.

6 мамыр күні1-9 сыныптар арасында  Отан қорғаушылар күніне арналған «Жігіт сұлтаны» сайысы өткізіліп, 1-сынып оқушысы Бақтыбай Әділет жеңіске жетсе, 7-сынып оқушысы Шарипов Ернұр  «Жігіт сұлтаны»-2017 атағын жеңіп алып, мақтау қағазымен марапатталды.  

 Соңында 5-9 сынып оқушылары ҚР ҚК-нің құрылған күніне орай   саптық өлең байқауы  өткізілді.

Жеңіс күніне орай 1-9 сыныптар арасында еңбек,тыл еңбеккерлерімен сынып сағаттары, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді.1-4 сыныптар арасында «Біз бейбітшілікті қалаймыз!» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды,ал 5-9 сыныптар аралығында«Жеңіске – мың тағзым!» атты тақырыпта қабырға газеттері шығарылды.    Мектеп кітапханасында Ұлы Отан соғысына қатысты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің алдында

9 - мамыр Жеңіс күніне арналған митинг өтті Жеңіс тойы - баршаның ортақ қуанышы болғандықтан мектеп болып шеруге шықтық. Бұл салтанатты шара ескерткіш алаңында өткізілді, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Онда әкімшіліктен адамдар және ардагерлер сөз сөйлеп, мерекелік концерт тамашалады.  

 

 

                                                              ДТІЖО: К.Б.Касымова


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь