2017 жылдың 12 мамыр күні Қазақ мектеп-гимназиясында Жалпыұлттық ата-аналар алқалы отырысы өтті. Жиналысқа 70 ата-ана қатысты. Жиналысты мектеп директоры Б.Ахмадиқызы ашып, жаңартылған білім беру мазмұны жайлы ата-аналарға мағлұмат берді. Отырысқа қалалық білім бөлімінің әдіскері Жаманбаева Г.С. қатысты. Күн тәртібінде 4 сұрақ қарастырылды:
1. Жаңартылған білім беру мазмұны
2. ҰБТ-дің жаңа форматы
3. «Туған жер» бағдарламасы
4. Мектеп бітіру іс-шарасының тұжырымдамасы.
Осы қарастырылған мәселелер төңірегінде ата-аналар тарапынан әр-түрлі сұрақтар туындап,қанағаттанарлық жауаптар алды. Қазақ мектеп-гимназиясының психологы Байтенова А.К мектеп кітапханасына өз тарапынан 3 дана әдеби кітаптар сыйға тартты. 4 а сыныптың ата-анасы Жунусова Г.А мектеке балалар энциклопедиясын тарту етті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау