Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Сафуан Шаймерденовтың 95 жылдық мерейтойы

                                                                   

     
2017 жылдың 15 сәуір күні қала мектептерінің қазақ сыныптарының арасында Қазақстан Республикасының халық жазушысы, жерлесіміз Сафуан Шаймерденовтың 95 жылдық мерейтойына арналған мектебімізде «Көркем сөздің зергері» атты 3 номинациядан тұратын сайыс өткізілді. Қала мектептерінен 53 оқушы қатысты және қала мектептерінің қазақ тілі мұғалімдері әділ қазы алқасы болды. Сафуан Шаймерденовтың шығармашылығынан үзінді жаттау және мәнерлеп айту 1 номинация, ал 2 номинация «ХІХ ғасыр көшбасшысы» атты Сафуан Шаймерденовтың шығармашылығы бойынша зерделілік ойын, 3 номинация берілген 3 тақырып бойынша эссе жазу ұйымдастырылды.
     
Жазушының 95 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынның құрметті қонақтары қалалық білім бөлімінің басшысы Каримова Гүлмира Райнбекқызы, Сафуан Шаймерденовтың баласы Сайын Есмағиұлы және қала мектептерінің директорлары болды. Қонақтар мен қатысушылар мұражайға және «Сафуантану» кабинетіне саяхат жасады. 1 номинация бойынша – 3 орынды Ашимова Меруерт алса, Жұмағұл Үміт, Жұрнаш Нұрбек алғыс хатпен, 2 номинация бойынша 1 орынды Жора Гүлзат, 3 номинация бойынша 2 орынды Балтабаева Алина иеленді. Аталған байқау дәстүрлі түрде енгізілмек.
     


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь