Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«ЖИТС – XXI ғасыр дерті»

Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында  1 қарашадан -1 желтоқсанға дейін «ЖИТС – XXI ғасыр дерті» атты нашақорлық  айлығы өтті.                                                         

          Айлықтың мақсаты: оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.

            4 қараша күні сурет пәнінің мұғалімі Сарбасов М.С «Дені саудың, жаны сау» тақырыбында сурет салу сайысы 1-4 және 7-10 сынып аралығында «Зиянды заттардан аулақ » тақырыбында газет-карикатура сайысы өтті.

8 қарашада«Мен өзгенің көзімен» атты 4 сыныптар арасында мектеп психологы Ташкина А.А. балалармен: Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық! -деп салауатылыққа шақыратын

тренинг өткізді

12 қараша Жас мұғалімдер және шаруашылық қызметкерлерімен, әлеуметтік ұстаз Тастыбаева З.С  және АӘД пәнінің мұғалімі Игбергенов А.С «Көңілді старт»  сайысын ұйымдастырды

 17 қарашада- темекіге қарсы күрес күніне орай, әр сынып: «Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды»-дегентақырыпта  7-10 сынып аралығында  презентация -слайд көрсетіп  қорғалды, соның ішінде 8- 9 сыныптардың(сынып жетекшілері Валеева З.Р және Мустафина Г.С.) презентациялары ерекше көзге түсті.

 19 қараша- Спорттық эстафета сайысы доппен, эстафеталық таяқшамен, арқан тарту ойындарын 1-2сыныптар аралығында, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері   Нугманов А.Е және Холейхан Л қызықты етіп ұйымдастырды.

Сонымен қатар 22 қарашада, «Ауру айтып келмейді»… -атты тақырыбында кітапханалық сағатты иманыңдылыққа,  тазалыққа, ұл-қыздарымыз түзу қадам бассын – деп келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген, кітапханашы Кошенова Б.Т басшылығымен ойдағыдай өтті.

 24 қараша- Осы қарқынмен мектеп тәлімгері Аубакирова А.Ж  зиянды әдеттерден озбайтын, жамандыққа бармайтын, салауатты өмір салтын ұран ғып- мектепішілік 6-8 сыныптар аралығында жайдарман сайысын ұйымдастырып өткізіп 8 сынып оқушылары 1 орынға ие болды

29 қарашада аудандық «Салауатты өмірді насихаттау»-тақырыбында өткен КТК сайысқа 9 сынып оқушылары жеңіске жетті. Бұл сайысқа қатысқандар Колледж, №1 мектеп, №2 мектеп және қазақ мектеп-гимназия.

30 қараша күні-«Жігерің бар, талабың бар, қайратың, мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын. Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып, өмірің бар алда әлі солмайтын», – дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты 6-10 сынып аралығында акция-форумымен айлық аяқталды.

Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясының

әлеуметтік ұстазы З.С. Тастыбаева

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь