Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Тәуелсіздік толқынында» атты пікірсайыс ойыны

«Тәуелсіздік толқынында» атты пікірсайыс ойыны

 

Мақсаты:

  • Оқушылардың қазақ тілінде өз ойын ашық білдіре алу дағдыларын дамыту;
  • Оқушылардың арасында қазақ тілін насихаттау және дәріптеу;
  • Оқушылардың ауызекі тілдесу қабілеттерін дамыту;

 

Ойынға 8-11 сынып оқушыларының арасынан іріктелген топтар қатысты.

 

Ойынға төрт өзекті тақырып берілді:

  • «Б.П. Ұлттық бірыңғай тестілеу оқушылардың академиялық жетістіктерін бағалау үшін тиімді деп есептейді»;
  • «Б.П. Әлеуметтік желілер оқушылардың функционалдық сауаттылық қабілеттерін дамытуға кері әсерін тигізеді деп есептейді»;
  • «Б.П. Қазақ мектебінің оқушылары мектепте және үйде тілдесу кезінде бір тілді (қазақ тілін) қолдануы тиіс деп есептейді»;
  • «Б.П. Қазақстан өз тәуелсіздігін алмаған жағдайда, бүгінгі күні жеткен жетістіктеріне жете алмас еді деп есептейді»

 

Ойынға талдау:

Сайысқа төрт команда қатысты: «Жас дебатшылар», «Жас қыран», «Дельта», «Форс-мажор». Екі іріктеу сайысы, кейін жеңіске жеткен командалар арасында («Жас қыран» және «Форс-мажор») финал ойыны өткізілді.

Ойындар аяқталғаннан кейін, екі жеңіске жеткен команданың капитандары арасында гладиаторлық сайыс өткізілді.

 

Ойынға төрелік етуге Петропавл қаласының Дебат қауымдастығынан өкілдер келді. Олар өткен ойынға оң бағаларын берді.

 

Жалпы ойын өте қызықты өтті және өз мақсаттарына қол жеткізе алды. Ойынға көрермен ретінде қатысқан 5,6,7 сынып оқушылары өткен ойыннан жақсы әсер алғандықтарын білдірді.

 

Жеңіске жеткен «Форс-мажор» командасы 2016 жылғы 2 желтоқсан күні Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтетін «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты тақырыптағы облыстық дебат ойындарына жолдама алды.

 

Іс-шара үшін жауапты: Аскандиров Н.Н. (ағылшын тілі пәнінің мұғалімі).


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь